Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 51115
    Дата: 16.01.2020 20:40:03
    Аты-жөні: Айманов Бауыржан
    Сұрақ:
    Құрметті Ерлан Масғұтұлы. Сізге хат жазып отырған Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны Айманов Бауыржан Сагидуллаевич. 2018 жылы маусым айында Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе елді мекені, Досан көшесі, 19 үйде тіркелген (тұратын мекен-жайы Қызылтөбе елді мекені, Сүгір көшесі, 19 ұйде пәтер жалдаушы) Толебаев Саматтың алаяқтықпен сеніміме кіріп (үй салып беремін, құрылыс жұмыстарын жасаймын деп) 380.000 теңге ақшамды алып, содан бері бір тиын ақша қайтармай, қашып жүргенін, соған шара қолданып ақшамды өндіріп беруге ықпал етуіңізді сұраймын. Түпқараған аудандық соты мен прокуратурасы, Мұнайды аудандық ішкі істер бөлімі мен жеке сот орындаушылары 2019 жылдың мамыр айынан бері ешқандай нәтиже көрсете алмауда. 2019 жылдың сәуір айында Түпқараған аудандық соты Е.Бегенов айыпталушы Толебаев Саматқа үкім шығарып, оның шешімі әлі де орындалмады. 10 айдан бері Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі мен жеке сот орындаушылары айыпталушы Толебаев Саматты іздеп таба алмауда (күмәнім бар, облыста, ауданнан шықпаған адамды 1 жыл бойы таба алмауы ісіне салғырттық, немқұрайдылықпен қарау деп түсінемін). Айыпталушы Толебаев Саматтың ҚР ҚК бойынша қылмыстық іс ашылып, соттың шешімі шықты. Сотта 10күнде қайтарамын дегегіне міне 1 жылдай уақыт өтті. Содан бері ол маған ұстатпай, мен оны көрмедім. Осы істің тезірек шешімін табуына, 380.000 ақшамды кері өндіріп алуыма ықпал етіп, аудандық ішкі істер органдары мен прокуратурасына халық алдындағы қызметін адал орындауын талап етуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    31 қаңтар, 2020 - 15:54
    Жауап:
    Мұнайлы ауданының прокуроры Ә.С. Ерліхановқа Б.С. Аймановқа Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы 130600 2019 жылғы 17 қаңтардағы Б.С. Аймановтың арызын негізінен қарау үшін жолдаймыз. Арызда көрсетілген барлық уәждерді тексеріп, арыз берушіге заңда көзделген мерзімде жауап беру қажет. Екінші мекен жайға қаперге алу үшін жолданады және келесіде облыстық прокуратураға шағымданарда өтінішпен бірге қала (аудан) прокурорының жауабын тіркеу қажеттігін түсіндіремін. Қосымша: бірінші мекен-жайға арыз - 1 парақта. Облысы прокурорының орынбасары Е. Тұрмағамбетов орынд.: А. Дюсенова 423410/307
  • Сұрақ №: 51010
    Дата: 26.12.2019 12:33:49
    Аты-жөні: Есмаханова Аида
    Сұрақ:
    Құрметті Ерлан Масғұтұлы! Біз Сізге бұған дейін арызданып өз хатымызды жолдадық (Сұрақ №: 50799 Дата: 12.11.2019 17:50:59). Сіздердің берген жауаптарыңыз бойынша алаяқтық ісі бойынша сотты болған А.Х.Абдукаимов Ақтау қаласына келіп тіркелген және тергеушісіне жауап беру үшін Нұр-Сұлтан қаласына кеткен дегенсіздер. Сұранған уақытында келмегендіктен оған іздеу жарияланғанын жаздыңыздар. Сұрақ. Дәл қазір А.Х.Абдукаймов сіздердің іздестірулеріңізден кейін табылды ма, әлде әлі күнге дейін таба алмай жатырсыздар ма? Табылса қазір нақты тұрғылықты мекен-жайы қандай? Осы сұрақтарымызға жауап беруіңізді өтінеміз.
    Жауап күні:
    10 қаңтар, 2020 - 11:38
    Жауап:
    А.Ф. Есмахановаға Бас Прокурордың Блогынан түскен Сіздің алаяқтық қылмыстық ісі бойынша А.Х. Абдукаймовтың қазіргі уақытта нақты қайда екенін және оның тұрғылықты мекенжайын анықтау туралы арызыңыз қаралды. Арызыңызды қарау нәтижесімен А.Х. Абдукаймов Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл аудандық Полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен тіркелген №197115031002745 қылмыстық іс бойынша 18.11.2019 жылғы хаттамасымен күдікті ретінде ұсталғаны анықталған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 20.11.2019 жылғы қаулысымен А.Х. Абдукаймовқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына екі ай мерзімге, яғни 18.01.2020 жылды қоса алған мерзімге дейін санкция берілген. Қазіргі таңда А.Х. Абдукаймов жоғарыда аталған соттың қаулысы негізінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында қамауда екендігін назарыңызға саламын. Облыс прокурорының міндетін атқарушы М. Тойжан. орынд: Б.Н.Тушжанов тел:605098
  • Сұрақ №: 50799
    Дата: 12.11.2019 17:50:59
    Аты-жөні: Есмаханова Аида
    Сұрақ:
    Маңғыстау облысының прокуроры Абаев Ерлан Масғұтұлына Қызылорда қаласының тұрғындары Есмаханова Аида Фазылбекқызынан Ұзақбаев Ғабит Насыроллаұлынан, ұялы байланыс 8778 382 44 37, 87054320098 Арыз Сізге арыз жазуымызға себеп болған негізгі жағдай – Алаяқтық ісі бойынша. 2019 жылдың сәуір (апрель) айында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Абдукаймов Алжан Хайрбекович (1991 жылдың 20 тамызында туған, тұрғылықты мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,188 көшесі,10 үй, 115 пәтер) үй алып беремін деп ақшамызды алды. Келісілген бір ай уақытта пәтер мәселесін шеше алмады. Кейіннен жақын уақытта ақшамызды қайтарып беруге уәде беріп, соңында ақшамызды бермей қойды. Зерттей келе бұл азаматтың бұрын істі болғанын анықтадық. А.Х.Абдукаймовқа 2018 жылдың 3 сәуірінде қылмыстық іс қозғалып «Алаяқтық бабы» бойынша қылмыскер болып Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне қарасты Есіл ауданы полиция басқармасының Пробация қызметінде тіркеліп 2021 жылдың 3 сәуіріне дейін уақытша тіркелуші болып табылады. Қазіргі уақытта ол өзінің тұрғылықты мекенжайын Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтау қаласына ауыстырған. Бірақ хабарласқан уақытта ол өзінің Ақтау қаласында емес, Шымкент жақтағы ауылда екенін айтуда. Құрметті Ерлан Масғұтұлы, бұл жерде кім кімді алдап жүр. Құжаттар Ақтауға ауысқан дейді. Ал алаяқ А.Х.Абдукаймов шын мәнінде Ақтау қаласында тұра ма? Тұрған жағдайда ол пробациялық бақылауда бола тұра қалаған жерінде жүре бере ме? Осы сұрақтарымызға нақтылап жауап беруіңізді өтініп сұраймыз. А.Есмаханова Ғ.Ұзақбаев (Арыз бір парақта, өз қолымызбен жазылды, Microsoft World, Arial, 14 шрифт)
    Жауап күні:
    27 ноября, 2019 - 18:04
    Жауап:
    А.Ф. Есмахановаға Бас Прокурордың Блогынан түскен Сіздің алаяқтық қылмыстық ісі бойынша А.Х. Абдукаймовтың пробациялық бақылауда тұрғандығын анықтау туралы арызыңыз қаралды. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқрау жүйесі департаментінің мәліметіне сәйкес А.Х. Абдукаймов Ақтау қалалық пробация қызметі бөліміне 15.11.2019 жылы есепке алынды. Тұрғылықты мекенжайын: Ақтау қаласы,17 шағын аудан, 7 үй, 140 пәтер, деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 66-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес А.Х. Абдукаймов өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс жөнінде тергеушіге түсініктеме беру үшін Нұр-Сұлтан қаласына ағымдағы жылдың қараша айының 17-і мен 24-і аралығында барып келетіндігі жөнінде Ақтау қалалық пробация қызметін хабардар еткен. Алайда, А.Х. Абдукаймов белгісіз себептермен аталған пробация қызметіне Нұр-Сұлтан қаласынан келгендігі туралы хабардар етпеген және 25.11.2019 жылы мекенжайын тексеру барысында анықталмаған. Қазіргі таңда, пробация қызметімен А.Х. Абдукаймовты анықтау мақсатында алғашқы іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижесі туралы Ақтау қалалық пробация қызметімен хабарланатынын қаперіңізге саламын. Облыс прокуроры Е. Абаев Орынд. С. Хаснизов тел. (7292) 605198/391
  • Сұрақ №: 50326
    Дата: 16.08.2019 22:53:37
    Аты-жөні: Ақмергенова Гүлназ
    Сұрақ:
    Мен Ақмергенова Гүлназ Ақтау қаласының сотымен бекітілген Айтманбетов Ардақ Қуанышұлынан 2 балам Қуаныш Аймилина мен Қуаныш Ерасыл тиесілі алиментті алудың жолдарын шешіп беруіңізді өтінемін. Сот жұмысы қанағаттанарсыз. Жаным қысылғасын жазып отырмын. Өтінемін. Ниетіңізбен көңіл бөлгеніңізге рахмет.
    Жауап күні:
    4 қыркүйек, 2019 - 18:27
    Жауап:
    Құрметті Гулназ Қыстаубайқызы! Сіздің борышкер А.Айтманбетовтан алимент өндіріп беру туралы өтінішіңіз атқарушылық іс жүргізу құжаты зерделену арқылы және борышкердің қатысуымен қаралды. Жеке сот орындаушы С.Битимбаевтің 30.07.2016ж. қаулысымен сот бұйрығы негізінде борышкер А.Айтманбетовтан (әрі қарай-Борышкер) кәмелет жасына толмаған Қуаныш Аймилина мен Қуаныш Ерасылдың асырауына ай сайын барлық еңбек табысынан және басқа да табыстарының 1/3 мөлшерінде 2016 жылдың 27 мамырынан бастап кәмелет жасқа толғанша алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізуі қозғалған. Бүгінгі таңда, атқару құжаты жеке сот орындаушы В.Гриценконың өндірісіне қабылданып, борышкердің қарызы 566 685 теңге құраған. Облыс прокуратурасы борышкер А.Айтманбетовті Ақтау қаласының әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеушілердің тізіміне жұмыссыз ретінде тіркеді. Ақтау қаласының прокуратурасымен борышкердің сот бұйрығы мен атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік және сот актісінің орындалуына кедергі келтірсе немесе бас тартқан жағдайда ҚР ҚК-нің 430-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы түсіндірілді. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа жүгінуіңізге құқылы екеніңізді түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 48050
    Дата: 27.01.2019 23:07:23
    Аты-жөні: Копбергенова Аигул
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба?Халық қамын оилаиды қарапаиым адамдар сіздерге ащы шындықтың жазып ел қамын оилаған заңгерлер деп жазып отырмын. Мен Аигул Сабырбаиқызы Жоғары сот орнына беруді бәрін көздеп,жазып отырмын. Ол жерде Сіздер СИЯҚТЫ Заң адамдарыАқты ақ қараны қара ДЕИТІН.Адамнан адмның айырмашылығы жоқ,бірақ оларда осыған ДЕИІН қаида шағымданың деп сұраиды. Мен өз жеке басым Еңбек инспекциясына қағаз жүзінде шағым даныдым,11.12.18.сағ12:30.бірақ ол жерде инспекторлардың жақсы жұмыс істеитін де мамандарын бар екенін білем ,бірақ менің арызым Жолдыбаева Фарида деген тексеру қалаи болған тек ҚАҒАЗ жүзінде ОДАН БЕРІ ештеңе өзгерген жоқ. өзім барып25.01.19. Жауапты хатшыдан алдым .Мені бір ештеңе білмеитін деи кеиіп. Таныты.Мен осы саитқа Көп алғысымды жазам. Маңғыстау өнер Колледжі Басшы 25.01.19.Менің қолыма қысқарту хабарламасын беріп отыр Мен ол қағазға қол қоиыған жоқпын. МЕН ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАМЫН 11жасар қыз баланы тәрбиелеп отырған. Анамын Ол басшы болса, заңда жазылған заң бар емес па .?Жалғыз басты ананы қалаи жұмыстан. ..қысқартады . Мен ол басшыға барып ештеңе дәледеп барған жоқпын, бабармаимын.Заңгер мырзалар сіздердге жазғаным еңбек жалақымды .Мен арызда көрсеткен уақыты қарамаи тек бір айдың ішіндегісін Соның өзі 12876 теңге ұсталған. Одан бері бас есепші мен басшы мені жұмыстан босатудың амалы. .Енді басшы Қалаида маған штат жоқ қысқартуға хабарлама беріп отыр. жалғыз басты Ананы қалаи жұмыстан босатады. Сол хабарламамен тағы Еңбек инспекциясына бардым. Бұл қалаи қаражат бөліндіма, Ол жерде басшылары болған жоқ әр түрлі себепен бірақ екі әиел адам арыз жазып не керек деп шығарып салды. Сол себепті жанаиқаиымды сіздерге жазып отырмын. Еңбек инспекциясына барудың қажетті жоқ екен. .... Прокурор мырзалар сіздердге екі рет арыз жазып соның жазылуы арқылы бұл жағдаилар тексеріледі,Сонда сіздерге арыз жазбасам .еңбек инспекциясыда .Көз қысты бармақ басты болама. Тек прокуратураға жазған екенсіз деиді. Прокуротураға жазбасам ешқандаи шара болмаима. Бұл не бассыздық. Заң шеңберінде қаралуын сұраимын . Аллаға шүкір Сізден жауап күтемін.
    Жауап күні:
    9 сәуiр, 2019 - 18:29
    Жауап:
    А.С. Көпбергеноваға 5 шағынаудан, 1 үй, 608 пәтер, Ақтау қаласы 130000 Құрметті Айгул Сабырбайқызы! Сіздің «Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнынан жұмыстан шығару туралы арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 159-бабының 1-бөлігіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайтындығы көрсетілген. Сондықтан арызыңызда көрсетілген еңбек дауларын шешу үшін Сіз тиісті талап арызбен сотқа жүгінуге құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Е. Тұрмағамбетов орындаған: О.С. Макатов тел: 8/7292/423410/162

Беттер