30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 1047809568

        Қазақстан Республикасы егемен ел болып, өзінің Ата Заңы Конституциясын қабылдағанына 24 жыл уақыт болды.

      1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, ел тарихында өшпес орын қалдырды. Конституция еліміздің істерінің қайнар бастауына айналып, жарқын болашағымыздың кепілі танылды.

       Бұл Тәуелсіз Қазақстанның екінші Конституциясы. Тұңғыш Конституция 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданып, екі жылдай қолданылып, өз күшін жойған болатын. Ол жаңа заман талаптарына сәйкес бағыт бере алмайтындығын көрсетті. Сондықтан да бүкілхалықтық референдум арқылы қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз – Конституцияны қабылдадық.

      Осындай аз ғана уақыт аралығында еліміз ауқымды да маңызды жұмыстар атқарып, жаңа дәуірге қадам басты. Атқарылған жұмыстар еліміздің барлық салаларын қамтыды. Көптеген экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізілді. Олар – 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету, 2018 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету, 2016 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық ету, 2016-2017 жылдары Шаңхай ынтымақтастығы ұйымына төрағалық ету, «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, «Қазақстан – 2050 Стратегиясы», «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы және тағы да басқа ізгі бастаулар.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жұмысы елдегі биліктің қайнар көзі – халықтың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған.

      Маңғыстау облысының прокуратурасы Конституцияның 1-бабында көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға, Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың тұрақты, құқықтық қауіпсіз мемлекетте тұруына бағытталған жұмыстарын күнделікті атқаруда. 2019 жылғы 6 айда 112 мың азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

        Біздің Ата Заңымыз дүниежүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Негізгі Заңға құрмет таныту – біздің ортақ  парызымыз.

        Барша қазақстандықтарды еліміздің Конституция күнімен облыс прокуратура органдары атынан құттықтаймыз!

     Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы мереке күні барша қазақстандықтарға денсаулық, бақ пен береке, татулық пен келісім, табыс пен молшылық тілейміз.

 

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу