6 желтоқсан – Прокуратура күні.

06 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6 желтоқсан – Прокуратура күні.

Бүгін Маңғыстау облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылу күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Бұл күні 28 жыл бұрын «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды. Күнтізбеде жаңа мереке- Прокуратура күні пайда болды.

Облыс прокуроры Ерлан Абаев барлық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, қадағалау органының құқық қорғау жүйесінде алатын ерекше орнын атап өтті.

Прокуратура күнін мерекелеуге орай қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін бірқатар қызметкерлер медальдармен, кеуде белгілерімен, сыныптық шендермен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.  

         Прокуратура ардагерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы