«Алаяқтық үшін жаза»

23 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шетелдерден төмен бағамен автокөліктер әкеліп беремін деген компания директоры бірнеше азаматтардың ақшаларын алаяқтық жасап жымқырғаны үшін тиісті жазасын алды.

Яғни, 2014-2015 жылдар аралығында «Segrex Motors» ЖШС-нің директоры «Ш» алдын-ала өзінің «Қ» есімді танысымен қылмыстық сөз байласып, бөтеннің мүлкін сенімге қиянат жасау арқылы бірнеше рет алаяқтық жолмен аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, Ақтау және басқа да қалалардың тұрғындарына аталған Серіктестік арқылы алыс-жақын шетелдерден арзан бағаға автокөліктер әкеліп беремін деп, аса ірі мөлшерде (барлығы 11 жәбірленушіге жалпы 82 млн. тенге шығын келтірілген) ақшаларын алаяқтық жолмен иемденіп, жымқырып кеткен.

Ақтау қалалық сотының 04.08.2017ж. үкімімен азамат «Ш» мен «Қ» ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен (аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) кінәлі деп танылып, мүліктері тәркілене отырып, әрқайсысы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Айыптау үкімі заңды күшіне енді.

 

Ақтау қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу