Алаяқтық жолы кесілді.

15 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алаяқтық жолы кесілді.  - 1478423030

     Ақтау қаласының прокуратурасымен «WhatsApp» мессенджері арқылы «Г» есімді азаматша «Алтын күн» тобын құрып, «Н» есімді азаматшаның 700 мың теңгеден астам ақшасын алып, 20 пайыздық пайдасымен қайтаруға уәде беріп, алдап кеткені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

         Жоғарыда көрсетілген қаражат қандай да бір келісім шарт жасақталмай  алаяқтың банктік картасына аударылған.

     Ағымдағы жылғы 14 шілдеде Актау калалық сотымен «Г» есімді азаматша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, келтірілген залал жәбірленушіге өндірілді.

         Егер де Сіз жоғарыда көрсетілген топтың алаяқтық құрбаны болсаңыз, дереу құқық  қорғау органдарына жүгінуіңізді сұраймыз.   

         Азаматтарды сақ және ұқыпты болуға шақырамыз!

 

 

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласының прокуратурасы