Алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қадағалау

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент өндіру туралы  сот актілерінің орындалуын қадағалау - 1651645974

Бүгін Маңғыстау облысының прокуроры Ерлан Абаевтың төрағалығымен алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қадағалау туралы алқа мәжілісінің кезектен тыс отырысы өтті.

Алқа отырысына құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының басшылары қатысты.

Бүгінгі күні сот орындаушылардың өндірісінде кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру туралы 9.9 мың атқару құжаттары бар, оның орындалмай жатқаны – 490.

Көрсетілген атқару құжаттарының орындалмауының басты себептері ретінде борышкерлердің тұрақты жұмыс орындарының болмауы, олардың кірістерін жасыруы және өндіріп алуға жататын мүліктің болмауы танылады.

Алимент бойынша қарыз мөлшерін төмендету мақсатында прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесе отырып, борышкерлермен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, түсіндіру және шектеу қою түріндегі шаралар қолданылуда.

Жыл басынан прокурорлар мен жеке сот орындаушылардың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде 42,6 млн. теңге алимент өндіріліп, әкімшілік жауаптылыққа 43 борышкер тартылды.

Қабылданған шараларға қарамастан, жеке сот орындаушылардың жұмысында кемшіліктер бар, олар борышкерлердің кірістерінен уақтылы алимент өндірмеу, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін пайдалану құқықтарына шектеу қоймау, борышкерлердің жүргізуші куәліктерінің қолданылуын шектеу шараларын ұйымдастырмау.

Сонымен қатар жеке сот орындаушылармен борышкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша жұмыстар тиісінше жүргізілмеген.

Орын алған бұзушылықтар үшін ағымдағы жылы 13 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Осыған байланысты, уәкілетті органдарға осы бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарға алимент төлеуден жалтару қылмыстық жазаланатын әрекеттердің қатарына жататындығын және ол үшін  алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу