Азаматтарды қабылдау жүргізілді

22 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтарды қабылдау жүргізілді - 4027101

Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні – республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылғы 21 қарашада Маңғыстау облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізілді.

Іс шараның негізгі міндеті –  азаматтардың нақты əлеуметтік проблемаларын шеше отырып, тұрғындармен тікелей диалог орнату және оларға құқықтық көмек көрсету.

Азаматтарды облыс прокуроры Ерлан Абаев қабылдады.

Барлығы 17 тұлға жеке қабылдауда болды, оның ішінде қылмыстық қудалау (6), тұрғын үй заңнама (5), азаматтық сот шешімдері (2), мүгедектердің құқықтарын қорғау (3) және медиация (1) мәселелері бойынша.

Қабылдау барысында олардың проблемалық мәселелері тыңдалып, заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетілді, кейбіреулерінен жазбаша өтініштер қабылданды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Азаматтарды қабылдау жүргізілді - 364333740
Азаматтарды қабылдау жүргізілді - 65061486
Азаматтарды қабылдау жүргізілді - 825760258
Азаматтарды қабылдау жүргізілді - 854768571

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу