Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау

13 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысының прокуратурасы 763 жұмысшы алдындағы 85 млн. теңгеден астам жалақы қарызының төленуін қамтамасыз етті.

Ақтау қаласы прокуратурасының актісімен «АВТМ» ЖШС-нен 190 жұмысшының пайдасына 35 млн. теңге өндірілді.

«Ынта» ЖШС-і 322 жұмысшыға 21 млн. теңге қарызын өтеді.

Бейнеу және Маңғыстау аудандары прокуратураларының ұсыныстарымен 251 жұмысшыға 30 млн. теңге берешектері төленді.

Сонымен қатар, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін үш жұмыс беруші 600 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлға тартылды.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

               Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу