Баға қалыптасу саласындағы Маңғыстау облысы прокуратурасымен жүргізілген қадағалау

08 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысы прокуратурасымен жылу мен электроэнергияға баға қалыптасу саласында заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексеріс барысында бірқатар заңдылықты бұзушылықтар анықталды.

Бейнеу ауданындағы «Бейнеуэнергосервис» МКК заңнама нормаларын бұзып, бағаны көтеру бойынша іс-әрекетті монополияға қарсы органмен келіспей, 1 кВт электроэнергияға бағаны 0,4 тенгеге өсірген. Заңсыз алынған табыстың жалпы көлемі 12,5 млн. теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісімен кәсіпорын 1,2 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, электроэнергия бағасы 20,26-ден 20,03 теңгеге төмендеді

 

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу