БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

03 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

28.10.2017 жылы сағат 06:00 шамасында 1986 ж.т. азамат «К», «Ырыс» дүкенінің алдында тұрып, арақ ішкен мас күйінде, бұзақылық ниетпен, сатушының алкоголдік өнімді сатуға бас тартуына байланысты, 1997 ж.т. сатушысының алдында сұйық май қайнап тұрған қазанды теуіп, дене жарақатын келтіріп, соңғы алған дене жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған.

Аталған дерек Мұнайлы аудандық ІІБ-ның СДТБТ-не 28.10.2017 жылы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауында және іс бойынша процесс прокуроры айқандалды. 

Тергеу органымен жәбірленушінің ауру тарихы негізінде сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті тұлға ҚПК-нің 128-бабына сай ұсталды және оған қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

Маңғыстау облысының прокуратурсы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу