Баспасөз ақпараты

26 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінгі күнде Жаңаөзен қаласының әкімдігімен халықты жұмыспен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдері мен ресми ақпараттарын күту барысында заңды бұзуға болмайтындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарына қарамастан, бірқатар тұлғалар қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттерге баруда.

Ағымдағы жылғы 23-25 ақпан аралығында қоғамдық орындарды ластағаны, былапыт сөйлеп, қоғамға анық құрметсіздік танытқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа 16 тұлға тартылып, оларға 5-тен 7 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Кейбір тұлғалардың әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық құрамы байқалады.

Мәселен, 22 ақпан күні Т. есімді азамат Жаңаөзен қаласының әкімдігі ғимараты жанында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық  алауыздықты қоздыруға бағытталған сөздер айтқан.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық  алауыздық қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді.

Аталған әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінде 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермей, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау қажет.

Құқық қорғау органдарымен кінәлі тұлғаларды тиісті жауаптылыққа тарту үшін заңнамамен қарастырылған барлық шаралар қабылданатын болады.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу