Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

26 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысына жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Қазақстан республикасы Бас прокуратурасының ұрлыққа қарсы әрекет ету саласындағы бастамаларын жүзеге асыру барысында облыс аумағында мыңнан астам бақылау камералары орнатылғаны, 1,5 мың нысан дабыл қоңырауларына қосылғаны, шамамен 700 GPS трекерлер сатып алынып, 12 мал айдау орындары ұйымдастырылғаны аталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аймақта ұрлық түріндегі қылмыстың 35% азайғаны байқалады, оның ішінде үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық 45% (2016ж. – 1046, 2017ж. – 745, 2018ж. – 573), ұялы телефондардың ұрлығы 46% (2016ж. – 777, 2017ж. – 568, 2018ж. – 424).

Өткен жылдың басынан бақылау камераларының көмегімен облыс аумағында 230 қылмыс анықталған және ашылған, оның ішінде 99 ұрлық.

Сонымен қатар, отырыс барысында полиция органдарының тарапынан түсті және қара металдар ұрлығына қарсы алдын-алу шараларының тиісті дәрежеде жүргізілмеуіне назар аударылған, соңғы жылда олардың саны үш есеге өскен (31-ден 102-ке дейін).   

Осыған байланысты, ішкі істер органдарына түсті және қара металл сынықтарының көлеңкелі айналымының жолын кесіп, оларды қабылдаудың заңсыз пункттерін анықтауға бағытталған жұмыстарды күшейту тапсырылған.

Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін Үйлестіру кеңесімен құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылықтардың бұл түрлеріне қарсы тұру үшін нақты ұсыныстары бар іс-шаралар Жоспары әзірленді.

                Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу