Браконьерлермен күресу мәселелері талқыланды

27 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Браконьерлермен күресу мәселелері талқыланды - 77320779

26 қазан 2018 жылы Маңғыстау облысының прокуратурасында браконьерлікпен, оның ішінде бекіре тұқымдас балықпен күресті жүзеге асыратын уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Браконьерлікпен күреске бағытталған органдардың тиісті өзара іс-қимылының жоқтығына және олардың материалдық-техникалық жарақталуына, осы санаттағы қылмыстардың төмен ашылуына назар аударылды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін браконьерлік фактілері бойынша 151 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа тек 17 немесе 11,3% жіберілді, қалған 134-і ашылмаған. Осы кезеңде бекіре етін заңсыз тасымалдау және сақтау фактілері бойынша 221 іс қозғалып, сотқа 198 қылмыстық іс жіберілді, қалған 23-не тергеу мерзімі тоқтатылды.

Заңсыз айналымнан 23,4 тонна балық тәркіленді, залал 1,3 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар, сотқа уақтылы жүгінбеу нәтижесінде 17,3 млн. теңгеге бұрын алынған заттай дәлелдемелер (балық және уылдырық) сатылмаған.

Алынған балықты уәкілетті емес субьектіге тапсыру және одан әрі өткізу бойынша заңсыз тәжірибе анықталды.

Осылайша, заңнамада балықтарды мемлекеттік кәсіпорындардың ғана сату тәртібі көзделген. Осыған қарамастан, облыстық Полиция департаменті жеке кәсіпкерлермен келісім шарт жасасты.

Отырыс нәтижесі бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Браконьерлермен күресу мәселелері талқыланды - 1746729444
Браконьерлермен күресу мәселелері талқыланды - 2106451874
Браконьерлермен күресу мәселелері талқыланды - 1800161163
Браконьерлермен күресу мәселелері талқыланды - 1794886986

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу