Дәріханалар қызметі тексерілді.

15 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Дәріханалар қызметі тексерілді. - 1515238276

Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының аумағында орналасқан дәріханалардың бірінде жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам Қазақстанда тіркелмеген және жоғары бағамен сатылып жатырған дәрілік заттарды анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесімен жүзден астам атаулы дәрілік заттар белгіленген бағамен сатылуда, кінәлі тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласындағы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуда.

 

 

         Маңғыстау облысы

         Ақтау қаласының прокуратурасы