«Электронды қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру барысы

27 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда «Электронды қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру барысы мен электронды қылмыстық істерді тергеуде туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.

Елбасының «Қазақстан Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес елімізде «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іс қосылды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен қылмыстық сот ісін жүргізуді электронды форматқа кезең-кезеңмен көшу көзделген.

«Азаматтардың өтініштерін қоса алғанда, қылмыстық процесті кезең-кезеңімен цифрландыру туралы» құқық қорғау және мемлекеттік органдардың 2018 жылғы 27 наурыздағы бірлескен бұйрығымен қылмыстық сот ісін жүргізуді электронды форматқа енгізу кезеңдері айқындалған.

Осы жылы қылмыстық қудалау органдарымен электрондық форматта 1 мыңнан астам қылмыстық іс тергелген, оның ішінде 327-сі қылмыстық теріс қылықтар және 700-і онша ауыр емес және ауырлығы орташа санаттағы қылмыстар.

Нәтижесінде, электронды форматта тергелген қылмыстық істердің үлесі жалпы тергелген істердің 40%-ға жуығы, бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары.

Электронды форматта тергелген қылмыстық істердің басым бөлігі, яғни 47,2% меншікке қарсы қылмыстар құрайды.

Қазіргі уақытта өңірімізде қылмыстық процестің барлық кезеңін электронды форматқа көшіру барысы белсенді жүріп жатыр.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу