Игерілмеген жер учаскелері қайтарылды

25 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

    Ақтау қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына, соның ішінде игерілмеген жер учаскелерін мемлекетке қайтару мақсатында тұрақты түрде талдау жүргізуде.

    Мәселен, прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органмен сауда-саттықсыз табысталған кадастрлық құны 300 млн. теңгеден асатын көлемі 9 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

   Бұдан басқа, жалпы көлемі 44 га құрайтын 67 жер учаскесі ұзақ уақыттан бері игерілмегені анықталып, барлық жер пайдаланушыларға жерлерді игеру қажеттігі туралы ескерту беріліп, тиісті шектеулер қойылды.

    Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

 

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласының прокуратурасы