«Қала прокуратурасымен «Эмиссия үшін төле де, бюджетті толықтыр» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді»

14 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қала прокуратурасымен «Эмиссия үшін төле де, бюджетті толықтыр» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді» - 2022516968

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен«Эмиссия үшін төле де, бюджетті толықтыр» жобасы аясында13.10.2017 жылы мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қала аумағындағы 50-ге жуық кәсіпкерлермен кезекті кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аталған жобаның мақсаттары мен міндеттері, табиғат пайдаланушылар арасында қолданыстағы заңнама талаптары,оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшін рұқсат алу тәртібі мен оғанміндетті төлем жүргізу қажеттілігі бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жоба бойынша арнайы дайындалған жадынамалар кәсіпкерлерге таратылды, эмиссия үшін рұқсат алмай, табиғатты пайдаланудыңсалдары түсіндірілді және кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Аталған жобаны жүзеге асыру барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 100-ге жуық кәсіпкерлер эмиссия үшін рұқсат алып, одан 10 млн. теңгеден астам қаражат бюджетке түсті.

Осы іс-шара БАҚ өкілдерінің қатысуымен және әлеуметтік желілер арқылы тікелей көрсетілім жүргізу арқылы өткізілді.

                                     

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы

 

«Қала прокуратурасымен «Эмиссия үшін төле де, бюджетті толықтыр» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді» - 1445946938
«Қала прокуратурасымен «Эмиссия үшін төле де, бюджетті толықтыр» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді» - 954931726
«Қала прокуратурасымен «Эмиссия үшін төле де, бюджетті толықтыр» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді» - 1467343505

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу