Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын-алу және онымен күресу мәселелері талқыланды

26 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын-алу және онымен күресу  мәселелері талқыланды  - 1671304571

        Маңғыстау облысының прокуратурасында уәкілетті органдармен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын-алу және онымен күресу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы кезекті алқа отырысы өтті.

        Отырысқа жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

        Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бұл бағыттағы жұмыстарының жеткіліксіздігі аталды.

        Атап айтқанда, қолайсыз отбасыларды анықтау және есепке алу  бойынша тиісті профилактикалық жұмыстардың жоқтығы, Комиссия отырыстарын өткізу мерзімділігін бұзуға жол берілетіндігі көрсетілді.

        Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына осы саладағы жұмысты жандандыру және қылмыстың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау туралы нақты ұсыныстар берілді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын-алу және онымен күресу  мәселелері талқыланды  - 1955438944

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу