Қылмыстық процесті жаңғырту

27 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 20.05.2015 ж. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының II-бағытына (Заңның үстемдігін қамтамасыз ету) сәйкес, қылмыстық процесті жаңғырту аясында әзірленген заң жобасы 09.08.2017 ж. Елбасының тұжырымдамалық мақұлдауын алды.

Заң жобасы қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға, тергеу рәсімдерін жеңілдетуге, қылмыстық процестің жарыспалылығын қамтамасыз етуге, сотқа дейінгі сатысында сот бақылауын кеңейтуге, қайталануды болдырмауға және қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлуге бағытталған.

Президент Әкімшілігі бекіткен іс-шаралар жоспары негізінде Бас прокуратура әзірлеген Медиа-жоспарға сай, облыс прокуратурасы да қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметін жетілдірудің өзге де аспектілері мәселелерін ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспар бекітті.

Аталаған медиа-жоспардың 4-тармағына сәйкес, 25.10.2017 ж. «Нұр Отан» Партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Шараға Түпқараған аудандық сотының төрағасы Н.Тұржанов, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Е.Алдоңғаров, Түпқараған ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысып, қылмыстық процесте адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы өзекті мәселелер, ұсынылып жатқан реформаның және қылмыстық процесте қорғаушылардың процестік мүмкіндіктерін кеңейту пайдасы талқыланды.

 

Түпқараған ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу