Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында  азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы - 304428374

Маңғыстау облысының прокуратурасында құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы мәселесі бойынша алқаның кезектен тыс отырысы өтті.

2019 жылғы 8 айда облыс бойынша 1 мыңнан астам бұлтартпау шарасы қолданылған, оның ішінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат – 755, үй қамақ – 25 және күзетпен ұстау – 248.

Прокурорлармен ағымдағы жылы күдіктілердің әрекетін саралау туралы 3 заңсыз шешім бұзылды. 9 азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхаттарды қолдаудан бас тартылды. Уақытша ұстау изоляторларынан және қызметтік бөлмелерден 10 заңсыз ұсталған босатылды.

Отырыс барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды ұстауда, жеткізуде және оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауда туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары қылмыстық істі тергеуде және олар бойынша процестік шешімдер қабылдауда жіберетін жүйелі бұзушылықтар талқыланды.

Алқа отырысының қорытындысымен қылмыстық қудалау органдарына:

- азаматтардың конституциялық құқықтарының әрбір бұзылу фактісі бойынша басшыларды және кінәлі тұлғаларды қатаң жауаптылыққа тарту мәселесін қарау;

- мөлдір және бейнебақылау камераларымен жабдықталған тергеу кабинеттерін көбейту;

- азаматтарды заңсыз жеткізу және қызметтік үй-жайларда ұстау фактілерінің жолын кесу үшін кезекші бөлімдер қызметкерлерінің жауаптылығын арттыру және электрондық есепке алу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету (келушілер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелер базасына деректер енгізу) ұсынылды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу