ӘЛЕУЕТТІ ҮЛЕСКЕР ҮШІН ЖАДЫНАМА

25 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ӘЛЕУЕТТІ ҮЛЕСКЕР ҮШІН ЖАДЫНАМА  - 986633881

БІРІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушының құжаттарын міндетті түрде тексеру.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесідей 3 тәсілдің бірі арқылы ұйымдастырылады: («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 7-бабы)

- кепілдік беру қорымен жасалған шарттың болуы; (8-бап)

- екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы шешімі мен әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы; (9-бап)

- тұрғын үйдің қаңқасының тұрғызылуы және әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы. (10-бап)

 

ЕКІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушымен тек ғана тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартын жасасу.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарты оны әкімдікте есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі. (11-бап)

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылыс салушылармен келесідей мәміле (шарт) түрлерін жасамаңыз:

- пәтерді сатып алу - сату туралы алдын ала шарты;

- тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы алдын ала шарт;

- брондау немесе қарыз шарты;

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартымен байланысты емес басқа да мәміле (шарт) түрлері.

 

ЕСТЕ СAҚТАҢЫЗ! Аталған шарт түрлерін жасаған жағдайда бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіру және кепілдеме алу мүмкіндігінен айырыласыз!

 

ҮШІНШІ ҚАДАМ - үлестік құрылыста орын алған қандай да бір күмәнді жағдайлар жөнінде:

- Маңғыстау облысының прокуратурасына: 42-34-10 (17);

- Маңғыстау облысының саулет, құрылыс және қала құрылысы Басқармасына: 31-91-50;

- Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне: 50-47-09, 50-44-47 хабарлаңыз.

 

Үлескерлік құрылыс саласындағы барлық сұрақтарыңыз бойынша (заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы) құқықтық көмек көрсету орталығына келесі мекенжай бойынша хабарласыңыз: Ақтау қаласы 29 ш/а, №24 үй.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Министрлігінің ресми сайты: miid.gov.kz.ru

Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайты: mng.prokuror.kz

Instagram: prokuratura.mangistau

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу