«Маңғыстау облысы қызметкерлері және облыс бойынша ҰҚК, МКД, ІІД, СЖҚІҚҰБ тергеу құрылымдық бөлімшілері қызметкерлері үщін семинар ұйымдастырылды »

15 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Маңғыстау облысы қызметкерлері және облыс бойынша ҰҚК, МКД,  ІІД, СЖҚІҚҰБ тергеу құрылымдық бөлімшілері қызметкерлері үщін семинар ұйымдастырылды » - 815301493

2017 жылдың 12 желтоқсан күні облыс прокуратурасы және Оқу орталығымен (Маңғыстау облысы бойынша Бас Прокуратурасының жанындағы құқыққорғау органдары Академиясының өкілдігі) бірге, қызметкерлердің біліктілігін көтеру және оларды кәсіби қайта дайындықтан өткізу 5 күндік курстары шеңберінде «Қылмыстық істер және ұрланған активтерді шет елдерден қайтару бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан құқыққорғау органдарының шетел мемлекеттері құзыретті органдарымен өзара қарым қатынас жасау тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді.

            Семинар Маңғыстау облысы прокуратурасының және облыс бойынша ҰҚКД, ІІД-і, МКД, СЖҚІҚҰБ тергеу құрылымдық бөлімшілері қызметкерлері үшін Бас прокуратурасының «Шет елдерден ұрланған активтерді қайтару» туралы жобасын орындауда ұйымдастырылды. 

            Жобаның маңыздылығы белгіленді, аталған мәселе бойынша әдістер және құқыққорғау органдары жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында процессуалдық құжаттар үлгілері зерделенді.

            Жобаның мақсаты – шет елдерден активтерді қайтару бойынша жұмыс жасаудың тиімді жақтарын жасақтау және активтердің шет елдерге шығып кетуіне жол бермеу.

            Осы жағдайда, барлық құқыққорғау органдарының сапалы және үйлесімді жұмыс жасаулары өте маңызды.

            Семинар сонында, халықаралық шарттардың қолданысына қадағалау бойынша қызметкерлерді тестілеу жұмыстары жүргізілді.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

«Маңғыстау облысы қызметкерлері және облыс бойынша ҰҚК, МКД,  ІІД, СЖҚІҚҰБ тергеу құрылымдық бөлімшілері қызметкерлері үщін семинар ұйымдастырылды » - 1536324554

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу