Маңғыстау облысы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді.

04 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Маңғыстау облысы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді. - 145082287

1 желтоқсан 2017 жылы «Жас Қанат» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнін, Прокуратура күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында прокуратура органдары қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді.

Турнирдің мақсаты - прокуратура органдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дамыту.

Турнирге 6 команда қатысты, олар аймақтылық қағидасы бойынша қалыптасты.

Турнирдің қорытындысы бойынша облыс Аппараты турнирдің жеңімпазы атанды.

2-ші орынды Ақтау қаласы прокуратурасының қызметкерлері иеленді.

3-ші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкерлері жеңіп алды.

Турнирдің «Үздік шабуылшысы» номинациясын облыс Аппаратының басқарма прокуроры Азат Сапаркуловқа, «Үздік қорғаушы» номинациясын көлік прокуратурасының прокуроры Манас Телекбаевқа және «Үздік қақпашы» номинациясын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқарма бастығының орынбасары Жанболат Канкинге табысталды.

Жүлделі орын алған командаларға кубоктар мен грамоталар берілді.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді. - 1029338061
Маңғыстау облысы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді. - 1172361015
Маңғыстау облысы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді. - 823623703
Маңғыстау облысы прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді. - 365312648

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу