Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

30 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды - 1249219727

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Серікұлы Тойжан Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

М.С. Тойжан 1977 жылғы 12 маусымда дүниеге келген. Прокуратура органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады.

Бұрын Бейнеу ауданының, Жаңаөзен ауданының прокурорлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментінің кадрларды іріктеу, орналастыру және оқыту басқармасының бастығы, Ақтау қаласының прокуроры лауазымдарында еңбек еткен.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 21 жыл.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу