Маңғыстау облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

15 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1618924049

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыс прокуроры Дастан Сартаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен прокуратура ардагерлерінің қатысуымен Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

            Облыс прокуроры Дастан Сартаев қатысушыларды құттықтай отырып, Ұлт жоспарының 100-ші қадамын іске асыру шеңберінде ашылған Орталыққа құқықтық қызметтерді бір жерде біріктіруге шақырылғанын атап өтті.

            «Орталық шағымдарды тез арада шешуге, азаматтардың құқық қорғау органдарына және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталған», - деді облыс прокуроры.

            Жалпы көлемі 680 ш/м құрайтын Орталық Ақтау қаласының 29 ш/а 24 үй мекен-жайында орналасқан. 

            Ол азаматтарды қабылдау мен олармен жұмыс істеу үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

            Бұл орталықта құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды тәжірибелі прокурорлар жүргізеді. 

            Азаматтардың өтініштерін қарауды тиімді ұйымдастыру үшін 8 мемлекеттік органның қызметкерлері тартылды, оның ішінде: облыс әкімдігі, жергілікті полиция қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі, еңбек басқармасы, мемлекеттік кірістер департаментінің және т.б., сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, медиаторлар және психологтар.

            Орталық жұмысының негізгі қағидасы - бұл азаматтармен жұмыс жасауда прокуратураның алаңында мамандардың кең ауқымды құқықтық қызметтерді ұсынуы.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 798516010
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1393279606
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1642391667
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1822773759
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1059303559
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1950616994
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1643522905
Маңғыстау облысында  Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 102875917

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу