Маңғыстау облысының құқық қорғау қызметтері орталығының атқарған жұмысы туралы

21 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Маңғыстау облысының құқық қорғау қызметтері орталығының атқарған жұмысы туралы  - 1596301936

Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында өткен жылдың желтоқсан айында Ақтау қаласында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылып, азаматтардың шағымдарын жедел түрде қарау, халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз етуді басты мақсат ретінде белгілеген.

Орталықта прокурорлармен қатар, әділет, мемлекеттік кірістер органдары мен әкімдік қызметкерлері, адвокаттар және медиаторлар құқықтық көмек көрсетеді.

Қызмет атқаруы барысында Орталықпен 2,7мың азаматтарға еңбек, неке және тұрғын-үй қатынастары саласында, сондай-ақ, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік заңнамалары тұрғысындағы сұрақтар бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Прокурорлар өз құзыреттері шеңберінде 1,6мың азаматтарға құқықтық кеңестер беріп, 79 жазбаша құжаттар дайындауда құқықтық көмек көрсетті.               

Орталық қызметкерлері сотқа 10млн. теңгені өндіру туралы 37 талап-арыздар жасақтаған. 

Медиациялық тәртіппен 7 азаматтың пайдасына 30млн. теңгені құрайтын жалақы бойынша және басқа да келісім-шарттық міндеттері бойынша берешектері өндірілді.

Тексеріс жүргізуді талап етпейтін мәселелер бойынша Орталықтың қызметкерлері азаматтарға қажетті құқықтық көмек көрсетті. 

Мәселен, «Тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне құрылыс лицензиясын ресімдеуге көмек көрсетілді.

18 жыл бойына төлкұжатсыз жүрген көп балалы әке құжаттандырылды. 

Сонымен қатар, Орталық халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Бұл орайда, Орталық әкелікті сот арқылы анықтау, алименттерді өндіру, ата-аналық құқығынан айыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселері бойынша жадынамалар дайындады.

Қызмет атқаруы барысында Орталық халыққа тәжірибелі құқықтық көмек көрсететін білікті алаң ретінде танылды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 Маңғыстау облысының құқық қорғау қызметтері орталығының атқарған жұмысы туралы  - 1246058221

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу