Маңғыстау облысының прокуратурасы бос лауазымдық қызмет орнына конкурс жариялайды

05 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы, Ақтау қаласы, 15шағын аудан №56/1 ғимараты, анықтама телефондары: 8-(7292)- 60-51-85

бос лауазымға конкурс жариялайды:

Маңғыстау облысы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау және аппеляциялық сатыда қатысу басқармасының бастығы C-ОGR-4 (1 бос орын);

Функционалдық міндеттері: 

- Басқарманы жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және жұмысты ұйымдастырады, прокуратураның өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;

- Басқарма қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерін және еңбек тәртібін сақтауды орындауда бақылауды қамтамасыз етеді;- өз қызметінде және қызметкерлердің қатарында сыбайлас жемқорлық белгілерінің орын алуы туралы барлық жағдай бойынша шұғыл хабардар ету бөлігінде шаралар алу туралы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындауға міндетті;

- Басқарма қызметіне қатысты Бас прокуратураның және облыс прокуратурасы алқасының шешімдері, облыс бойынша Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі, облыстық прокуратура басшыларының шұғыл жиналыстарының, Бас прокуратураның және облыс прокуратурасы басшыларының бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулары және тапсырмаларының уақытында орындалуын бақылайды және есебін жүргізеді;

- пәндік-аумақтық қағидаға сәйкес Басқармада жұмыс ұйымдастырудың бақылауын жүзеге асырады;

- алқа отырысы, Үйлестіру Кеңесі, Қоғамдық Ұйымның отырыстарына, оның ішінде облыс прокурорының басшылығымен өткізілген шұғыл жиналыстарға аналитикалық құжаттар және талдаулардың уақытында және сапалы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- облыстық прокуратура Регламентіне сәйкес өз қызметі шегінде Басқарма қызметіне тиісті мәселелер бойынша шұғыл жиналыстар өткізеді;

- Басқарманың жоспарлануын жүзеге асырады, алқа, облыс бойынша Үйлестіру және Қоғамдық Кеңестің, облыс прокуратурасының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- Бас прокуратураның жұмыс жоспары, бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және уақытында орындалуын бақылайды және есебін жүргізеді;

- Басқарманың құзіретіне жататын мәселелер, ақпараттық құжаттар, докладтар дайындау бойынша прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы талдаулар жүргізуде жұмысты үйлестіреді;

- Басқармада бос тұрған лауазымның орнын толтыру мәселесін шешеді, шұғыл қызметкерлердің аттестациясына құжаттар ұсынады, марапаттау және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

- түскен құжаттар мен арыздарды реттейді, төмен тұрған прокуратураларға жолдайды және азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарының сапасын және мерзімін бақылауды жүзеге асырады;

- Басқарма қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерін орындауда, еңбек тәртібін сақтауда бақылауды жүзеге асырады, еңбек және күнделікті жағдайын қамтамасыз етуде шаралар алады;

- ҚПК 301-бабына сәйкес айыптау актісімен түскен қылмыстық істерді тексереді және зерделейді;

- кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер және қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттарында нақты қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдайды;

- кәмелетке толмағандарға қатысты және қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттарында қылмыстық істердің қаралуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- қылмыстық істер бойынша «Заңдылық» жүйесіне  СН-1 және СН-2 статистикалық кәртішкелерінің енгізілуін бақылайды;

- апелляциялық сатыда қаралатын қылмыстық істерге қатысуды қамтамасыз етеді, апелляцияда қатысатын прокурорлардың жұмысын бір жүйеге келтіреді;

- прокурорлық есептіліктерді қалыптастыру және ақпараттық есепке алу құжаттарын уақытылы толтыруды және оларды ҚСжАЕАК Басқармасына жолдауды жүзеге асырады;

- төмен тұрған прокуратураларға тәжірибелік көмек көрсетумен аймақтарға тексеріске шығады;

- төмен тұрған прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қатысады;

- азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді;

- Имидждік бағдарламаны іске асыру бойынша Басқарма жұмысын БАҚ-да жариялайды;

- Басқармаға жүктелген мақсат және міндеттерге сай жеке жауапты.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 132 020 бастап 178 032 тенгеге дейін).

Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

Ішкі конкурс жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін прокуратура органдарының қызметкерлері арасынан жүргізіледі. Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, қарамағында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі. Ұсынымхатқа прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі

 

                                               Маңғыстау облысы прокуратурасының

                                               Кадрлық дамыту тобы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу