Маңғыстау облысының прокуратурасы бос лауазымдық қызмет орнына конкурс жариялайды

17 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысы прокуратурасы, Ақтау қаласы, 15 шағын аудан №56/1 ғимараты, анықтама телефондары: 8-(7292)- 60-51-85 бос лауазымға конкурс жариялайды:

Маңғыстау облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметі және жариясыз тергеу әрекеттер заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы C-ОGR-4 (1 бос орын);

Функционалдық міндеттері:

- Басқармаға жалпы басшылық етеді және жұмысын ұйымдастырады, облыстық прокуратураның құрылым бөлімшелердің бастықтарымен және басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен байланыс жасайды;

- тероризм мен экстремизм, ұйымдасқан қылмыстық топтар, сыбайлас жемқорлық және қаржылық қылмыстар, арнайы жедел іздестіру іс-шаралары және басқа сұрақтар бойынша басшылық жасайды;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының бұйрықтарын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, ҚР БП-ның, жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Басқармасының, облыс прокуратураның басшыларының тапсырмаларын және нұсқауларын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

- арнаулы жедел-іздестіру іс шараларын санкциялау құжаттарын оқып, облыс прокуратурасы басшыларына баяндайды;  

- прокурорлық актілерді енгізу заңдылығы, тиімділігі және жүзеге асыру тәжірибесі бойынша талдау жасайды;

- жедел-іздестіру шараларын жүргізу туралы қаулыларды енгізу және жүзеге асыру тәжірибесі бойынша талдау жасайды. Қадағалау өндірісін жасақтау, оның орындалысын қадағалайды;

- облыстық прокуратураның алқа және облыс бойынша құқықық қорғау органдардың Үйлестіру Кеңесіне басқармамен жүргізілген тексеру қорытынды құжаттарын қарауға ұсынады;

- жедел-іздестіру шараларының заңдылығын қадағалау жағдайы туралы  статистикалық есебін жасақтайды;

- облыстық прокуратураның, алқа, облыс бойынша құқықық қорғау органдардың Үйлестіру және Қоғамдық Кеңестерінің жоспарларына ұсыныстар ұсынады және олардың орындалысын қамтамасыз етеді;- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзінің қызметінде және қатарында сыбайлас жемқорлықтың орын алған жағдайда тез арада хабарлауға шара қолдану қажет.

- азаматтарды қабылдауды жүргізеді;

- Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуына жеке жауап береді.

- жауапты аймақтары: облыстық ІІД, ҰҚКД, СЖҚіқҰБ, МКД және ҚАЖД.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 132 020 бастап 178 032 тенгеге дейін).

Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

1. Ішкі конкурс жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін прокуратура органдарының қызметкерлері арасынан жүргізіледі.

2. Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

3. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, қарамағында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі.

Ұсынымхатқа прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

4. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.

5. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

6. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

7. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

8. Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

9. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.

10. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

                                     

                                               Маңғыстау облысы прокуратурасының

                                               Кадрлық дамыту тобы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу