Маңғыстау облысының прокуратурасы бос лауазымдық қызмет орнына конкурс жариялайды

17 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Маңғыстау облысы прокуратурасы, Ақтау қаласы, 15шағын аудан №56/1 ғимараты, анықтама телефондары: 8-(7292)- 60-51-85 бос лауазымға конкурс жариялайды:

Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы C-ОGR-4 (1 бос орын);

Функционалдық міндеттері:

- Басқарма жұмысын ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады, қылмыстық прцестің сотқа дейінгі сатысын жүргізу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша облыстық прокуратураның басқа бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

- қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастырады, Басқарманың жедел құрамын және оларға жүктелген функционалдық міндеттерді орындауын бақылайды;

- Басқарма жұмысын жоспарлайды және облыстық прокуратураның жұмыс жоспарын дайындауға қатысады, облыс прокуратурасының бұйрығы мен өкімін, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды;

- облыс бойынша қылмыстық қудалау органдарын сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастырады;

- облыс прокуратурасының  тапсырмасы және жоспарлы іс шараларды орындау басқарманың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлері арасында тапсырмаларды бөлу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тапсыруғ олардың уақытында орындалуын және шешілуін бақылау;- Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша облыстың құқық қорғау органдарының, Үйлестіру кеңесінің, облыс прокуратурасының алқа және жедел мәжілістерін өткізуді ұйымдастырады, сондай-ақ, олардың шешімдерінің орындалуын бақылайды;

- облыс ҚСжАЕАК туралы жарлықпен өзара қарым – қатынасты және заңдылық пен құқұқттық тәртіп мәселелерін ұйымдастырады;

- №3 (пр), 1 Е, №7 нысанды тоқсан сайынғы есебінің уақытында орындалуын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

- Басқармадағы құпия режимін қамтамасыз етеді;

- азаматтарды қабылдауды жүргізеді;

- Басқармаға жүктелген міндеттер мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 132 020 бастап 178 032 тенгеге дейін).

 

Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

1. Ішкі конкурс жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін прокуратура органдарының қызметкерлері арасынан жүргізіледі.

2. Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

3. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, қарамағында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі.

Ұсынымхатқа прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

4. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.

5. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

6. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

7. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

8. Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

9. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.

10. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

                                     

                                               Маңғыстау облысы прокуратурасының Кадрлық дамыту тобы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу