Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет заңнамасының әліпбиін түсіндірді

11 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет заңнамасының әліпбиін түсіндірді - 564097418

Маңғыстау облысының прокуратурасы, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясымен бірлесіп, прокуратура органдарының қызметкерлеріне бюджет заңнамаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Онда облыстық аппараттың және бейнеу-конференц байланыс арқылы аудан, қала және арнайы прокуратура қызметкерлері қатысты.

Айта кететін жағдай, іс-шара ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша жедел кеңестің хаттамалық шешімін орындау мақсатында өткізілді, аталған хаттамада Бас прокуратураның басшылығымен экономика саласындағы, оның ішінде бюджет қаржысын мақсатты жұмсау, сонымен қатар, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректеріне прокурорлық қадағалауды күшейту туралы тапсырмалар берілген болатын.

Бюджет саласындағы білімдерімен Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің және тексеру комиссиясының басшылығы бөлісті.

Семинар барысында прокурорлар мамандардың қызметіндегі өзекті аспектілерді талқылай отырып, тәжірбие алмастырды және өздерін қызықтыратын сұрақтарыға жұмыста шебер қолдануға ықпал ететін жауаптар алды.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет заңнамасының әліпбиін түсіндірді - 1408400811
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет заңнамасының әліпбиін түсіндірді - 2020296759

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу