Маңғыстау облысының прокуратурасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өткізді

11 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өткізді - 860024656

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өткізді.

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында облыс прокуратурасының органдары жергілікті қоғамдық қорлармен, қоғамдық бірлестіктермен және меценаттармен бірлесе отырып, материалдық көмекке аса мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсетті.

Акция аясында жағдайы төмен және мүгедек 70 балаға көмек көрсетіліп, олар сөмкелермен, кеңсе тауарларымен  және мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

Бұдан бұрын ағымдағы жылғы 18 тамызда Құқық қорғау қызметтері орталығы «Біз адамдар – біз біргеміз» қоғамдық қорымен бірлесіп, оқу құралдарымен жабдықталған 200-ден астам сөмкелер таратылды.

Облыс прокуратурасы басшылығының бұл бастамасына қоғам және қайырымдылық қорлары оң баға берді.

Келешекте аталған акцияны тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланды.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өткізді - 1005532469

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу