Маңғыстау облысының прокуратурасында жыл қорытындысы талқыланды

31 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысы прокуратурасының алқа отырысында 2019 жылғы 12 айдағы жұмыс қорытындысы талқыланды.

Есептік кезеңде прокурорлармен 127 мың азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 3,8 млрд. теңге өндіріліп, 2,9 млрд. соманы құрайтын мүлік қайтарылғаны аталды.

Прокурорлардың ықпалымен 7 мың жұмысшылардың пайдасына 662 млн. теңге жалақы берешектері өндірілді.

Прокурорлық қадағалау және ықпал ету актілерімен мемлекет қорына 2,4 млрд. теңге көлеміндегі 191 жер телімдері қайтарылды.

1,4 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы  конкурс нәтижелері бұзылды.

Өңірде криминогендік жағдай жақсарған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 8,8% азайған, оның ішінде кісі өлтіру 7,7%, бұзақылық 35,8, тонау 36,6%,%,    ұрлық 18,4%.

Прокурорлармен изоляторлар мен қызметтік бөлмелерден 12 заңсыз ұсталғандар босатылды.

Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық түрде 1 337 қылмыстық іс тергеліп, оның 1 254-і аяқталып, 706-ы сотқа жолданды.

Уәкілетті органдар және бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыс түрмелерінде жазасын өтеп жатқан 400-ден астам тұлға жұмыспен қамтамасыз етілді.

Құқық қорғау қызметтері орталығында прокурорлар 2 мыңнан астам азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.

Алқа жұмысының қорытындысымен алдағы кезеңге басым міндеттер мен негізгі бағыттар айқындалды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу