Облыс прокурорының орынбасарын зейнеткерлікке шығарып салды

15 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокурорының орынбасарын  зейнеткерлікке шығарып салды - 1242023524

        Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері облыс прокурорының орынбасары 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Асқар Әдіханұлы Досекеновты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды.

        Асқар Әдіханұлы 37 жылдан астам уақыт прокуратура органдарында қызмет еткен. Ол кәсіби білімі мен тәжірибесін жас қызметкерлер ұрпағына бере отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына үлкен үлес қосты.

        Прокуратура органдарында еңбек жолын 1981 жылы Қазақ КСР-нің прокуратура органдарында бастаған.

        Бірнеше жылдар бойы Министрлер Кабинетінде және Қазақстан Республикасының Президенті аппаратында жұмыс істеді.

        Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын және жазаны орындау заңдылығын қадағалау бойынша Басқармасының бастығы, Бас прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы,  Жетісу ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары прокуроры секілді түрлі жоғарғы лауазымдарда қызмет атқарған.

        Қызмет кезінде ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, сондай-ақ көптеген ведомстволық наградалармен марапатталған.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Облыс прокурорының орынбасарын  зейнеткерлікке шығарып салды - 144741713
Облыс прокурорының орынбасарын  зейнеткерлікке шығарып салды - 1824634562
Облыс прокурорының орынбасарын  зейнеткерлікке шығарып салды - 52740428

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу