Пресс релиз

16 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Пресс релиз - 637040824

         Түпқараған ауданының прокуратурасы Бас прокуратураның 2020 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес 2017-2019 жылдары ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті ауруларының таралуы профилактикасына жəне ошақтарын жоюға бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.

         Тексеру барысында «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» КММ-де 1 млн. теңгеден асатын мемлекет қаражаты талан-таражға салынғаны анықталды.

         Аталған факті бойынша аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

        Қазіргі уақытта қылмыстық іс облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өндірісінде.

        Бүгінгі күнге мемлекетке келтірілген залал толығымен өндірілді.

 

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданының прокуратурасы