Пресс релиз

27 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Пресс релиз - 3585502

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің қызметіне талдау жүргізу нәтижесімен «ҚазАзот» АҚ-нан қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру шаралары алынбағандығы анықталды.

Облыс бойынша Экология департаменті 2018 жылы «ҚазАзот» АҚ-на қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесі бойынша оны әкімшілік жауаптылыққа тартып, қоршаған ортаға келтірілген 139 млн. теңге көлеміндегі залалды мемлекет пайдасына өндіру жөнінде талап қойған.

 «ҚазАзот» АҚ-ын тексеру барысында облыс бойынша Экология департаменті тарапынан жіберілген кемшіліктер бойынша сотқа шағым келтіріп, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен тексеру актісі заңсыз деп танылып, қозғалған әкімшілік іс өндірісі тоқтатылды.

Облыс бойынша Экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-на қатысты залалды өндіру жөнінде сотқа шағымданбаған.

Алайда, «ҚазАзот» АҚ-ы әкімшілік жауаптылықтан босатылғанымен, 139 млн. теңге көлеміндегі қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіруден босатылмайды.

         Прокурорлық қадағалау актісі негізінде облыс бойынша Экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-на қатысты 139 млн. теңге залалды өндіру жөнінде сотқа талап-арыз келтірді.

23.06.2020 жылы облыс сотының апелляциялық сот алқасының шешімімен талап-арыз толықтай қанағаттандырылды.

Аталған сот шешімінің негізінде мемлекет пайдасына 139 млн. теңге өндірілді.

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы