Прокурордың өтінішхатымен соттың ақтау үкімінің күші жойылды

17 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен облыс прокуратурасының өтінішхаты қанағаттандырылып, Әзірбайжан Республикасының азаматы А.С.Гулиевке қатысты Ақтау қалалық сотының 2018 жылғы 6 тамыздағы ақтау үкімінің күші жойылып, оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 286-бабы 2-бөлігінің 4) тармағында (контрабандаға оқталу) және 296-бабының 3-бөлігінде (ірі мөлшердегі есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауда кінәлі деп танып, оған 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы жаңа айыптау үкімін шығару туралы шешім қабылданды.

Осы қаулымен қылмыстық қудалау органына және прокурорға шығарылған бірінші сатыдағы соттың жекеше қаулыларының күштері де жойылды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу