Прокурорлар 90 миллион жалақы бойынша берешектерді өндірді

19 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйіне мониторинг жүргізу аясында Маңғыстау облысының прокурорлары 566 қызметкерге 90 миллион теңге жалақы бойынша берешекті анықтап, өндірді.

Мысалы, Ақтау қаласының прокуратурасы а.ж. наурыз-сәуір айларына «АБТМ» ЖШС-нің 176 жұмысшыға 44 млн. теңге жалақы төлемеу фактісін анықтады.

Осындай берешек «ДИС» ЖШС-нің тарапынан да анықталды, ол а.ж. мамыр айына 130 қызметкерге 11,8 млн. теңге жалақы төлемеген.

Қадағалау актілері бойынша жұмысшыларға тиесілі сомалар төленді, ал кәсіпорындардың басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87-бабының 1-тармағына сәйкес (еңбекке ақы төлеу ережелерін бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, жыл басынан қабылданған шаралар бойынша 12 банкроттық-кәсіпорындардың 404 жұмысшысына 94 млн. теңге қарыз өтелді.

 

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу