«Прокурорлар лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартты»

28 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Прокурорлар лауазымды тұлғаларды

әкімшілік жауаптылыққа тартты»

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы мемлекет мүдделерін қозғайтын азаматтық істерге талдау үнемі жүргізілуде.

Осы санаттағы істер бойынша сот актілерін зерделеумен мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік сатып алудың өнім берушілерін жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа қуыну талаптарының мерзімдерін бұзу фактілері анықталды.

Мысалы, талапкер «Өзенинвест» мемлекеттік комуналдық кәсіпорныны (бұдан әрі - МКК) жауапкер «INVEST-FORM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шарты бойынша тауарды уақытылы жеткізбегені үшін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызымен сотқа жүгінген.

Алайда, істі қарау барысында МКК-і талап қою мерзімін өткізіп алғаны белгілі болды.

Осыған байланысты, соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Осы тектес дерек бойынша, жоғарыда көрсетілген МКК-ы жауапкер жеке кәсіпкер А.Тулемисованы шарт бойынша 20 тонна цементті жеткізбегені үшін, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылусыз қалдырылған.

2017 жылы мемлекеттік органдармен осы тектес барлығы 56 бұзушылыққа жол берілген.

Заңдылықты бұзу барлық фактілер бойынша Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесімен 42 лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабының 11-бөлігімен (тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа уақтылы жүгiнбеуi) 2 млн. теңгеден асатын сомаға айыппұл салу арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

27 қыркүйек 2018 жылы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу