Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті

22 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 697127946

Маңғыстау облысының прокуратурасы облыс әкімдігі мен Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып, «Атамекен» ҰКП филиалы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдерінің қатысуымен аудандардың кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – бизнес саласындағы жүйелі проблемаларды анықтау және әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлермен тікелей диалог орнату.

Барлығы 40-тан астам кәсіпкерлер қатысып, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, субсидиялау және салық салу саласында сұрақтар қойылды.

Барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, ал кейбір сұрақтар аудандардың прокурорларымен және әкімдерімен бақылауға алынды.

Кәсіпкерлермен осы тектес кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

 

 

Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 1560303405
Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 1859857626
Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 1626863119
Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 1428086840
Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 981016094
Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті - 1615488698

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу