«Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін»

15 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тәуелсіздік - Қазақстан халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиындықтарды басымыздан өткіздік. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Тарихи жеріміздің шекарасы халқаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздерміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз, жаңа Астанамыз дүниеге келді.

Биыл Қазақстан біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жоғары дәрежеде өткізілді. Мұндай әлемдік деңгейдегі іс шараны білдің  еліміз тәуелсіз мемлекеттер және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізілді.

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесі бизнесті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді. Осының барлығы Қазақстан халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылуда. Елбасының жыл сайынғы халыққы арналған жолдауы мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалары халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартып, ел тәуелсіздігін нығайтуға, болашақты айқындап, сол бағытта табанды қызмет атқаруға бағытталуда.

Тәуелсіздік ұғымы еліміз үшін қаншалықты құнды болса, сол жолда күрескендердің ерлігі  де ұрпақтан- ұрпаққа жалғасар дүние. Қазақ халқының басына қандай қиындық түссе де қайсарлықпен қарсы тұра білген ата- бабамыз салған сара жолды 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан қазақтың ұл-қыздары жалғады. Жұдырықтай жүректері еліміз деп соққан ержүрек азаматтардың ерлігін біз ұмытуға тиіс емеспіз.

Өйткені, бүгінгі алаңсыз ұйқымыз, шат- шадыман күлкіміз –солардың жеңіс жолындағы жанкешті ерліктерінің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Киелі тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау-әр қазақтың міндеті.

 

Маңғыстау ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу