Үлескерлік құрылыс мәселесі бойынша Маңғыстау облысы прокуратурасының алқа отырысы өтті

24 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысының прокуратурасында үлескерлік құрылыс саласындағы заңдылық жағдайы мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.

Онда жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылығы, сондай-ақ құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында осы саладағы проблемалық мәселелер, соның ішінде үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілері, уәкілетті органдар тарапынан тиісінше бақылаудың жоқтығы талқыланды.

Мәселен, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы қолданыстағы заңнаманы сақтамау салдарынан құрылыс салушылармен 300-ден астам азаматтардың құқықтары бұзылған.

2018 жыл мен ағымдағы жылғы өткен кезеңде облыс прокуратурасының органдарымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 320 бабы бойынша («Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу») 7 құрылыс салушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Алқа отырысының нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына бірқатар нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабын басшылыққа ала отырып, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

1) Кепілдік беру қорынан кепілдік алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылатындығын түсіндіреміз.

Осы үш тәсіл тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартудың жалғыз мүмкін нұсқасы болып табылады.

Үлескерлердің ақшасын тартудың басқа тәсілдеріне заңмен тыйым салынған.

Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарға тұрғын үйді Заң шеңберінде сатып алған жағдайда ғана құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік берілетінін еске салады!

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу