Үйлестіру кеңесінің отырысында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мәселелері талқыланды

31 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Үйлестіру кеңесінің отырысында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мәселелері талқыланды - 1478392686

     Бүгін Маңғыстау облысының прокуроры Ерлан Абаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда медициналық қызмет көрсетудің сапасы, ана мен бала өлімінің себептері туралы мәселелер талқыланды.

      Кеңес отырысына жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

        2018 жылы облыс аумағында 5 ана өлімі және 173 бала өлімі фактілері, ал ағымдағы жылы 1 ана өлімі және 88 бала өлімі фактілері тіркелген.

     Ана мен бала өлімі себептерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде медициналық қызмет көрсету барысында орын алған бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, жүкті әйелдерді бақылаудың сапасыздығы, бала туу жасындағы әйелдермен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының жоқтығы, ауруханалардың жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

     Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуде полиция мен денсаулық сақтау мекемелерінің арасында тиісті қарым-қатынастың жоқтығы, сот-медициналық сараптамасы саласындағы мамандардың тапшылығы тергеу сапасына кері әсерін тигізетіндігіне назар аударылды.   

        Осы және басқа да мәселелерді шешу мақсатында бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Үйлестіру кеңесінің отырысында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мәселелері талқыланды - 180461069

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу