«Заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды»

27 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Заңсыз берілген жер учаскелері

мемлекет меншігіне қайтарылды»

 

Түпқараған ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген заң талаптарына қайшы коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін берген.

Прокурордың наразылығы бойынша әкімдердің 46 шешімі бұзылып, кадастрлық құны 669 млн. теңге болатын жалпы көлемі 46,217 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

 

 

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу