«Заңсыз бөлінген 51 жер телімі мемлекетке қайтарылды»

16 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарақия ауданы прокуратурасымен а.ж ақпан айында Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде жер туралы заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексеру нәтижесімен Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен жеке тұрғын үйге және кәсіпкерлікті дамыту мақсатына көзделген жер телімдерін заңсыз өзіндік қосалқы шаруашылық үшін табыстағандығы белгілі болды.

Кейіннен аталған жер телімдердің нысаналы мақсаттары коммерциялық мақсатқа немесе жеке тұрғын үй салу мақсатына ауыстырылған.

Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен аталған заңсыз әрекеттер тек қана конкурс немесе аукцион арқылы берілетіндігіне қарамастан, оны айналып өту мақсатында жасалғандығы анықталды.

Аудан прокуратурасымен аталған жер учаскелердің шешімдерін бұзу мақсатында Қарақия ауданы әкімінің атына ұсыныс енгізіліп, қарау нәтижесімен жалпы көлемі 8,25 га кадастрлық құны 56 млн. теңгені құрайтын 51 жер телімі мемлекет пайдасына қайтарылды.

Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулетшісі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сай «қызметіне толық лайық еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен өз еркімен босатылды.

Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын сыбайлас жемқорлыққа жол бергендігі үшін жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысындағы Тәртіптік кеңесіне ұсыныс енгізілді.

29.08.2017 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысындағы Тәртіптік кеңесінің шешімімен Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сай жауапкершілікке тартылып, 11.09.2017 жылы қызметінен босатылды.

 

Қарақия ауданы прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу