Жаңаөзен қаласының прокуратурасы электр қуатының тариф деңгейін асыруды анықтады

23 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен халықты электр қуатымен қамтамасыз ететін «Электр жүйелері» ЖШС-де жүргізілген талдау барысында электр қуатының тарифтері деңгейін асыру фактісі анықталды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғаларға қатысты тариф 21,77 теңгеден 20,59 теңгеге төмендеген.

Алайда, «Электр жүйелері» ЖШС-гі 2018 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін көтеріңкі бағамен төлемақыны қабылдауды жалғастырып, тұрғындарға жалпы сомасы 87,2 млн. теңге материалдық залал келтірген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде артық есептелген 87,2 млн. теңге мөлшеріндегі қаржы қайта есептеліп, 28 мыңнан астам тұтынушыға кері қайтарылды.   

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу