Жол-көлік оқиғаларының алдын алу

27 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу - 1301786433

Маңғыстау облысының прокуратурасында алқаның кезекті отырысы өтіп, онда уәкілетті мемлекеттік органдармен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың заңдылығы мен тиімділігіне жүргізілген прокурорлық тексерістердің қорытындылары талқыланды.

Алқа жұмысына жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты тұлғалары қатысты.

Облыс аумағында жол көлік оқиғаларының 17,7%-ға төмендеуі байқалуда (2018 жылдың 12 айында – 320, 2019 жылдың 11 айында – 273), сондай-ақ, дене жарақатын алған адамдардың саны 3,5% (404-тен 390-ға) және  қаза болғандардың саны 13,3% (83-тен 72-ке) азайған.

Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жылдамдық режимін бұзу және қарсы қозғалыс жолағына шығуға қатысты 40 факті, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермеуге қатысты 174 факті, мас күйінде көлік құралын басқаруға қатысты 15 факті, үй жануарларына қақтығысуымен болған 25 факті тіркелген.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне бірқатар факторлар әсер етеді, оның ішінде автопарктің өсуі, жолдардың жағдайы, елді мекендер жолдарының жарық шамдарымен толық қамтамасыз етілмеуі, көліктегі құқық бұзушылықтарды алдын алудың әлсіздігі және т.б.

Осы және өзге де мәселелерді шешу мақсатында жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру және қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.

Атап айтқанда, қауіпсіздік белдіктерінің артықшылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, тас жолдарда медициналық-құтқару пункттерін орналастыру, жолдардың барлық қауіпті учаскелерінде жылдамдық өлшегіш камераларын орнату, жүргізушілерді оқыту сапасын арттыру, үй жануарларының қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары фактілерін азайту мақсатында жарық шағылыстыратын сәйкестендіру биркаларын пайдалану, тас жолдардағы, сондай-ақ елді-мекендердің ішіндегі жарық шамдарын көбейту және т.б.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу