Алаяқтық қылмысынан алдын алу бағытындағы шаралар

04 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау саласы бойынша Басқармасымен ағымдағы жылдың қаңтар айында тұлғаларға қатысты жасалған алаяқтық әрекеттерге байланысты тіркелген қылмыстардың жағдайына талдау жасалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысымен облыс бойынша құқық қорғау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (әрі қарай – СДТБТ-і) барлығы 748 (2015ж. қаңтар айы -849, -12%) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 67 (128, -47,6%) алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 42-і (14, +200%) сотқа жолданған, 32 (4, +700%)істің тергеп-тексеру мерзімдері үзілген, 14 (9, +55,5%) іс ақталмайтын негізбен қысқартылған және 25 (15, +66,6%) іс ақтайтын негізбен қысқартылған.

Тіркелген алаяқтық қылмыстарын ҚР ҚК-нің 11 бабына сай, санаттарына бөлсек: онша ауыр емес қылмыстар – 38 (69, -45%); ауырлығы орташа – 8 (21, -62%); ауыр қылмыстар – 21 (38, -44,7%);  аса ауыр қылмыстар – 0 (0).  

Жалпы облыс аумағында тіркелген алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды 2015 және 2016 жылдардың қаңтар айымен салыстырғанда, алаяқтық қылмысы 47,6 пайызға төмендеген.

Облыс прокуратурасымен 2016 жылға алаяқтық қылмыстарымен күресіп оның алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралар туралы жоспар бекітілді.

Жоспар негізінде, қалааудан прокурорларынатұлғалардың алаяқтардың арбауына түсіп, алданып қалуының алдын-алу мақсатында облыс бойынша қала, аудандарда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) ғимараттарының ішкі және баршаға көрінетін сыртқы (қоғамдық ортаның көп жиналатын жеріне) жерлеріне жарнамалық тақталар (билборд)орналастыру арқылы түсіндіру және ескерту шараларын жүргізу жөніндегі іс шараларды жергілікті құзырлы мекемелермен бірлесіп, ұйымдастыру тапсырылды. 

Аталған жарнамалық тақтада көрсетілетін мәтінде негізінен алаяқтықтың кең тараған тәсілдерімен жасалатын (жер телімін алу; балабақшаға бала орналастыру; пәтер алып беру; жеке бас қажеттілігіне байланысты құжаттарды алып беружәне т.б.) арбауларынан сақтануды, егерде олардың арбауларына түсіп, алданып қалған жағдайда тез арада құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі туралы ескертпе түріндегі тақырыпта болуы қажет екендігі атап көрсетілді.

Осы санаттағы қылмыстарға назар аударып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы өзекті мәселе бойынша ай сайын тұрғындар арасында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Сонымен бірге, алаяқтардың сотпен кінәлі деп танылып, заңды күшіне енген сот үкімдері туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі халыққа жариялап отыру қажеттігі атап көрсетілді.

Облыс прокуратурасымен қала, аудан прокурорларына 2016 жылға арналған бірінші кезектегі бағыттар бойынша, оның ішінде алаяқтық қылмыстарына қарсы күресті жетілдіру шараларын алу мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар, оның ішінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және алаяқтық қылмыстардың алдын алу бағытындағы заңдылықтың сақталуы облыс прокуратурасының қатаң қадағалауына алынған.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу