Еліміздің көкбайрағы мәңілік биікте самғасын!

20 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.
Егемен еліміздің ұлық мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егеменді ел болғанымыз отанымыздың әрбір азаматы үшін ең қастерлі де ұлы мереке.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Атап айтсақ ел тыныштығы мен көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономиканың қарқынды жедел дамуы, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық арасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрап отыр.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елге айналып отыр.
Осы жылдар ішінде еркіндік пен теңдіктің, егемендік пен елдіктің туын көтерген Тұңғыш Президентіміз тәуелсіздіктің саяси символына айналды. Жаһандық мәселелерді салмақты саралайтын Қазақстан Халықаралық қауымдастық алдында зор беделге ие болды.
Атқарылған игі істердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бүкіл қазақстандықтардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген бірлігінің нәтижесі деп есептеймін. Осы жылдар ішінде еркіндік пен теңдіктің, егемендік пен елдіктің туын көтерген Тұңғыш Президентіміз тәуелсіздіктің саяси символына айналды.
Қазақстанның барша жұрты Елбасының болашақты болжай айтқан көптеген тұжырымдамасы біртіндеп іске асқандығының куәсі болып жүрміз.
Ол қашанда халықтың қолдауына ие болуда. Әсіресе, жыл сайынғы Жолдауларда болашаққа деген стратегиялық міндеттер айқындалып қана қоймай, бұл мақсаттарға қалай қол жеткізуге болатындығы да көрсетілген. Аса ірі көлемдегі экономикалық өзгерістерді жүзеге асыра отырып, мемлекетіміз тұрақты даму жолына түсті. Еліміз «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес дамып келеді. Ең бастысы экономика мен әлеуметтік саланы тұрақты дамытудың көкжиегі ашылды.
Бүгінгі күні прокуратура органдары Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерді ойдағыдай атқарып келеді.
Ұлттық мерекемізмен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, мол бақыт,баянды да ұзақ ғұмыр тілеймін. Егеменді еліміздің көкбайрағы мәңгілік биікте самғап, мемлекетіміздің абыройы атақ-даңқы өрлей берсін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
 
Түпқараған ауданының прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу