Прокурорлар студенттердің құқықтарын қорғады

19 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар студенттердің құқықтарын қорғады - 1624018183

Прокурорлар студенттердің құқықтарын қорғады

 

Бейнеу ауданының прокуратурасымен білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген мемлекеттік қаражаттың игерілу заңдылығына тексеру жүргізілді.

Оның барысында Бейнеу ауданында оқитын колледж студенттеріне шәкіртақы төленбегендігі анықталды.

Мысалы, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі 158 білім алушыға шәкіртақы жеңілдіктерін тағайындаған. Алайда, жазғы демалыс мезгілінде колледж шәкіртақыны төлеуді негізсіз тоқтатқан. Нәтижесінде оқу орталығының қарызы 5,3 млн. теңгені құрады.

Осы тектес заңбұзушылықтар аталған мерзімде Бейнеу политехникалық колледжінде де орын алған. Онда 155 студентке шәкіртақы төленбей, бережақ көлемі 3,6 млн. теңгеге жетті.

Аудан прокуратурасы аталған колледж басшыларының атына қадағалау актісін енгізіп, 313 студентке жалпы соммасы 8,9 млн. теңге шәкіратқылары төленді, 9 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.  

 

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу