Ұрлық түбі – қорлық

04 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және қо­ғамға едәуір қауіптісі – ұрлық.

Қазіргі таңда меншікке қарсы қыл­мыстар ішінде, әсіре­се, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыс­сыздық, жалақының уа­қыты­лы төленбеуі және т.б. себептерден туындағаны байқалмайды.

Себебі, ашылған қылмыстар бойынша анықталған күдіктілер «Жанұямды асырауға қаражат болған жоқ, соларға азық тауып берейін деп, амалсыздан осындай әрекетке бардым» демейді. Негізінде, алкогольдік ішімдік ішіп, өзінің құқыққа қарсы әрекетіне есеп бермей, оның жауаптылығын сезінбей немесе пайдакүнемдік мақсаттағы табыс табудың жеңіл жолын көздеген тұлғалардың әрекеттері.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Түпқараған ауданы бойынша қылмыстық қудалау органдарымен 214 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, олардың 78-і немесе 36,4 пайызы жымқыру қылмыстары. Тіркелген қылмыстардың бар-жоғы 31-і ашылған, ал жартысынан көбі ашылмай, күдікті ретінде жауапқа тартатын тұлғаның анықталмауына байланысты қылмыстық істердің мерзімдері үзілген (тоқтатылған), ашылмаған 4 қылмыс жәбірленушілерге ірі мөлшерде залал келтірумен жасалған ауыр санаттағы қылмыстар.

Бұл қылмыстардың басым көпшілігі Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарында тұрғын үйге заңсыз кірумен немесе құрылыс жұмыстары аяқталмаған тұрғын-үй учаскелерінен құрылыс материалдарын және құрал-саймандарды жасырын жымқырумен байланысты.

Бұл елді-мекендердегі тұрғындардың саныда жылдан-жылға артуда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету 4 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 3 көмекшісіне жүктелген.

Сондықтан, өздеріне жүктелген аумақта тәртіпті толықтай қамтамасыз ету екі талай.

Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғарыламасада, қылмыскерлердің ізін жасырудағы айласы артуда.

Себебі, көп жағдайларда оқиға орындарынан қылмысты әшкерлеуге бірде-бір айғақтар табылмайды.

Осыған байланысты, тұрғындардың тарапынанда сақтану болуы керек, яғни тұрғын үйлердің терезелерін темір торлармен бекітіп, мүмкіндігі болса, бейне камераларды және дабыл жүйесін орнатқанда артық болмайды.

Мысалы, 25.02.2016 жылы «Т» деген азамат бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында Ақшұқыр ауылында орналасқан өндірістік базаның әкімшілік ғимаратына заңсыз кіріп, дабыл жүйесі іске қосылуына байланысты, ол көздеген мақсатын ақырына дейін жеткізе алмай, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қылмыс ізі суымай ашылып, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзіміздің тарапымыздан осындай қауіпсіздік шаралары алынып жатса қылмыскердің көздеген мақсатынан бас тартуына, сескенуіне немесе қылмыстың ізі суымай ашылуына септігін тигізер еді.   

 

Түпқараған ауданы прокуратурасының прокуроры Асаусерік АСЫЛБАЙ

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу